Шаһар басшысы Серік Мұхамедиев су тасқынынан зардап шеккен саяжай иелеріне қатысты пікір білдірді
April 17, 2024 10:22

Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев су тасқынынан зардап шеккен жергілікті саяжай иелеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Қала әкімі саяжай тұлғаның жалғыз тұрғылықты жер болса, онда ол тұрғын үй болып есептелетінін тілге тиек етті. Бұл жағдайда толық қолдау көрсетіледі. Ал қалған мүліктің шығынына келетін болсақ, бұл мәселе заң аясында шешілетін болады.
«Әр мәселені жеке-жеке қарайтын боламыз», – деді қала әкімі.
