Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » “Шуақты үй” ҚҚ тәрбиеленушілері астанада бас жүлде еншіледі

“Шуақты үй” ҚҚ тәрбиеленушілері астанада бас жүлде еншіледі

“Шуақты үй” ҚҚ 6 тәрбиеленушісі «Жұлдыздар планетасы» байқауында сәтті өнер көрсетті. Астанада өткен шығармашылық байқауға жалпы 100-ге жуық бала қатысты, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Байқау Балаларды қорғау күніне орай өткізілді. Солтүстікқазақстандықтар «Көркем сөз» және «Хореография» аталымдары бойынша екі бас жүлде жеңіп алды.

«Біздің қуыршақтармен билейтін билеріміздің Қазақстанда баламасы жоқ. Яғни, ешкім билемейді. Ресейде де сахнаға алып шыққан ұжымды кездестірмедім. Айта кету керек, қуыршақтарды ұстазымыз өзі тігеді, балалармен бірге би дайындайды, ұл-қыздарды үйретеді. Бұл – біздің екінші үлкен жарысымыз. Қорда 60 оқушы бар», – дейді “Шуақты үй” қоғамдық қорының жетекшісі Анастасия Швец.

Shares