Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СКО әкімі Сергей Фильдің ұсталуына қатысты пікір білдірді

СКО әкімі Сергей Фильдің ұсталуына қатысты пікір білдірді

December 5, 2025 10:36

Астанада өткен брифингте Ғауез Нұрмұхамбетов «Құлагер» хоккей клубының басшысы Сергей Фильдің ұсталуына қатысты ақпаратты түсіндірді, деп хабарлайды QZ NEWS.

«Иә, шынымен де бұл ақпаратты күштік құрылымдардан білдім. Қазір ол қамауда отыр. Қылмыстық іс қозғалғандықтан, қамауда болуы – алаяқтық белгілерінің бар екенін көрсетеді», – деді Ғауез Нұрмұхамбетов.

Әкім қозғалған қылмыстық іске байланысты оқиғаның егжей-тегжейін жариялауға құқығы жоқ екенін атап өтті. Ол тергеудің аяқталуын және соттың шешімін күтуді шақырды.

Еске салайық, «Құлагер» хоккей клубының команда басшысы Сергей Филь қыркүйек айының соңында жоғалып кеткен болатын. Ол алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Команда басшысы қызметіне ол былтыр желтоқсанда тағайындалған еді. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде Челябі облысы полициясының «Құлагер» қызметкеріне тым ұқсас деректері бар ер адамды іздестіріп жатқаны туралы тараған. Онда 1980 жылы туған, бойы екі метр болатын ер адамның пәтер жалдап, иелерінің заттарын ұрлайтыны көрсетілген. Аты-жөні – Сергей Владимирович Филь.

Қазан айының басында 45 жастағы Сергей Филь ұсталды. Ол полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Shares