Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Солтүстікқазақстандық 20 жігіт әскерге аттанды

Солтүстікқазақстандық 20 жігіт әскерге аттанды

СҚО-да 20 жігітті әскерге шығарып салу салтанаты өтті. Олар Төтенше жағдайлар министрлігінің Алматы қаласындағы бөлімшелерінде қызмет етеді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Арнайы оқуды аяқтаған азаматтарда зор мүмкіндік пайда болады. Олар мерзімді әскери қызметтен кейін өңірдегі азаматтық қорғау бөлімшелерімен қатар, әскери бөлімдерде еңбек ете алады.

Атап өтілгендей, соңғы жарты жылдың ішінде Алматы қаласында, шығыс пен батыста, сондай-ақ Қарағанды облысында орналасқан төрт бөлімшеде 120-ға жуық әскери қызметші әскери борышын өтеген.

«Олар абыроймен қызмет етті, төтенше жағдайларды жоюға қатысты, соның ішінде Петропавл қаласында, Қызылжар ауданында, сондай-ақ республикамыздың басқа да аймақтарында болды», – деді СҚО ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Кирилл Иванников.

Shares