Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО әкімі 4 соғыс ардагеріне Президенттің құттықтау хатын табыс етті

СҚО әкімі 4 соғыс ардагеріне Президенттің құттықтау хатын табыс етті

СҚО-да 4 соғыс ардагері қалды: Федор Щеглов, Дмитрий Сергеев, Василий Макиенко және Валентина Волкодав. Олардың бәрі Петропавлда тұрады.

Жеңіс күні қарсаңында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ардагерлердің үйіне барып, Мемлекет басшысының құттықтау хатын оқып, табыс етті.

Өңір басшысы батырларымызды келе жатқан мерекемен құттықтап, бейбіт өміріміз үшін алғысын білдірді. Ақсақалдар Ұлы Жеңістің қалай келгенін айтып берді. СҚО әкімі ардагерлерге зор денсаулық, ұзақ өмір мен береке тіледі.

Shares