СҚО-да 13 қаңтарға дауылды ескерту жарияланды
January 12, 2026 14:52

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы тәулікте Солтүстік Қазақстан облысында күн суытады, деп хабарлайды QZ NEWS.
12 қаңтар сағат 20:00-ден 13 қаңтар сағат 20:00-ге дейін СҚО-ның оңтүстігі мен шығысында түнде қар жауып, сырғыма жүреді, ал өңірдің батысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі. Сондай-ақ солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні оңтүстік пен шығыста секундына 15–20 метрге дейін жетеді.
Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға ауа райының өзгерістерін бақылап, көріну қашықтығы нашарлаған жағдайда мүмкіндігінше алыс сапарларға шықпауға кеңес береді.
