Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да алдағы үш күнде шуақты ауа райы сақталады

СҚО-да алдағы үш күнде шуақты ауа райы сақталады

September 30, 2024 10:17

Петропавлда жаңа жұмыс аптасының алғашқы екі күнінде бұлт көшеді, алайда жаңбыр жаумайды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК СҚО бойынша филиалы өкілдері жариялады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

30 қыркүйекте облыс орталығында ауа температурасы +19+21 °С дейін көтеріледі. 1 қазанда Петропавлда сынап бағанасы +18+20 °C көрсетеді, ал 2 күні қалада күн суытады, көрсеткіш +8+10 °C дейін төмендемек.

Алдағы үш күнде облыс аумағында жауын-шашын болмайды. 30 қыркүйекте ауа температурасы +18+23 °С құрайды. 1 қазанда СҚО-да сынап бағанасы +15+20 °C көрсетсе, 2 қазанда +8+13 °C құрамақ.

Shares