Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да полицейлер аса ірі көлемде есірткі сатқан күдіктіні ұстады

СҚО-да полицейлер аса ірі көлемде есірткі сатқан күдіктіні ұстады

Өңір полицейлері СҚО аудандарының бірінің 24 жастағы тұрғынын анықтады. Ол еш жерде жұмыс істемей, екі ай бойы Петропавлдағы жалдамалы пәтерде тұрып келген. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қала көшелеріне кезекті рет серуенге шыққаннан кейін оны синтетикалық есірткі сатты деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Одан түрлі түсті ұнтақ тәрізді зат салынған 8 түйіншек тәркіленді. Бұдан кейін жас жігіт өзінің жүрген жерлерін тәртіп сақшыларына көрсетуге мәжбүр болды. Осылайша полицейлер есірткі жасырылған 29 орынды анықтады.

“Сараптама көрсеткендей, алынған заттар жалпы салмағы 37 грамм болатын мефедрон және α-PvP синтетикалық есірткілері екені анықталды. Жедел уәкілдер жігітті ақпан айында ұстады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдары сотқа жіберілді. ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігіне сәйкес, аса ірі мөлшерде есірткі өткізгені, электрондық ақпараттық ресурстарды пайдаланғаны үшін күдікті 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін”, — дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Руслан Үмбетов.

Shares