Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да тәжікстандық 12 азамат ұсталды

СҚО-да тәжікстандық 12 азамат ұсталды

СҚО-да 3 маусымнан бастап «Заңсыз келуші» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Оның мақсаты – заңсыз көші-қонның алдын алу, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Полиция қызметкерлері күн сайын шетелдік азаматтар тұратын орындарда, сонымен қатар вокзал, базар, құрылыс нысандары мен қаланың көңіл көтеру орындарының аумағында рейдтік тексерулер жүргізеді.

«Заңсыз келуші» ЖПІШ аясында қалалық полиция басқармасының көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері Шаховское ауылынан алыс емес жерде орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының аумағында Тәжікстан Республикасының 12 азаматын ұстады. Олардың айтуынша, олар полигонда қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптаушы ретінде жұмыс жасайды.

“Қазіргі уақытта ҚР ӘҚБтК «Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның халықтың көші қоны саласындағы РУ заңнамасын бұзуы» 517-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік материалдар жиналды және бұл өз кезегінде жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұлға немесе он тәулікке әкімшілік қамауға немесе Қазақстан Республикасынан тыс әкімшілік шығаруға әкеледі”,- делінген СҚО ПД хабарламасында.

«Заңсыз келуші» ЖПІШ екі күні ішінде полиция қызметкерлері көші-қон заңнамасының 50 астам бұзушылығын анықтады.

Shares