Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да жұмыс аптасының соңы ыстық және жаңбырлы болады

СҚО-да жұмыс аптасының соңы ыстық және жаңбырлы болады

“Қазгидромет” РМК  СҚОФ синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

26 маусым күні Петропавлда сынап бағанасы 20 градустан жоғары көтерілмейді. Дегенмен, көп ұзамай жағдай өзгереді. 27 маусым күні облыс орталығында күн +28 + 30 градусқа дейін қызады. Болжам бойынша, бұл күні жауын-шашын болмайды, ауыспалы бұлт көшеді. Ал 28 маусым күні Петропавлда температура +30 +32 градусты көрсетеді. Жұмада облыс орталығында аспанды бұлт та шалады, кей жерлерде жаңбыр жауады.

Енді тұтас облысқа қатысты деректермен бөлісейік. 27 маусым күні аймақтың оңтүстік-батысында жаңбыр болды, найзағай ойнайды және бұршақ түседі. Температура +28 + 33 градусқа дейін қызады. Ал 28 маусым күні облыстың әртүрлі бөліктерінде жаңбыр жауады, батыста және солтүстікте найзағай ойнайды, аймақтың оңтүстігінде бұршақ жауады. Сынап бағанасы +30 + 35 градусты көрсетеді.

Shares