Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-дан 5 шабандоз “Ұлы дала жорығы” республикалық марафонына қатысуда

СҚО-дан 5 шабандоз “Ұлы дала жорығы” республикалық марафонына қатысуда

Павлодар облысының Атамекен ауылында Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған “Ұлы дала жорығы” республикалық марафоны басталды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Шабандоздар бес күн ішінде Астанаға дейінгі 500 шақырымды еңсеру керек. Жарыс 23 мамырда Астанада аяқталады. Көп ұзамай Дүниежүзілік көшпенділер ойындары бастау алады. Марафон жүлдегерлері айтулы шараға қатысу құқығына ие болады. Сонымен қатар, оларға 15 млн теңге көлемінде ақшалай сыйлық беріледі.

Бірінші күні жарыс жолына 19 команда шықты. Үшінші кезеңде 15 команда бақ сынайды. Әр аймақ 5 шабандоздан ұсынды.

Бірінші кезеңнен кейін солтүстікқазақстандықтар үшінші орыннан көрінді. Өкінішке қарай, біздің екі тұлпар шығарылды. Осылайша, жарысты үш шабандоз жалғастырады. Екі жарыс күнінен кейін жерлестеріміз жалпы командалық есепте 9 орында келеді.

Shares