Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Студенттерге сыбайлас жемқорлық жайлы айтылды

Студенттерге сыбайлас жемқорлық жайлы айтылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған құқықтық диалог Ғ.Мүсірепов атындағы кітапхана қабырғасында өтті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Іс-шараға қала колледждерінің студенттері, сондай-ақ ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің департаменті мамандары шақырылды. Олар жастарға сыбайлас жемқорлық қылмыстарының негізінде не жатқанын, олардың қоғамның дамуына зиянды әсері туралы кеңінен айтып берді.

“Іс-шараның мақсаты – жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру, “сыбайлас жемқорлық” ұғымын түсіндіру. Балалар ұялмай сұрақтар қоя алады. Бүгінгі диалогтың мәні осы”,-деді облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының бөлім басшысы Ольга Дума.

Shares