Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » «Таза Қазақстан» жобасы аясында СҚО-да 118 мың ағаш отырғызылады

«Таза Қазақстан» жобасы аясында СҚО-да 118 мың ағаш отырғызылады

April 21, 2025 17:05

«Таза Қазақстан» жобасы аясында 21-26 сәуір аралығында өңірде «Барлыққазақстандық ағаш отырғызу күні» атты экологиялық акция өтіп жатыр. Петропавл қаласындағы Жеңіс саябағында СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ардагерлермен, депутаттармен, жастармен, қоғам және ассамблея өкілдерімен бірге ағаш отырғызу акциясына қатысты, деп хабарлайды QZ News.

Бұл шара Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылып отыр. Жасыл бастаманы облыстың барлық аудандары қолдады — бүгіннің өзінде елді мекендерде және орман алқаптарында 42 мың көшет отырғызылды. Республикалық акция аясында өңірде барлығы 118 мың ағаш отырғызу жоспарланған.

«Орман қорын сақтау және көбейту – баршамыздың ортақ міндетіміз. Бұл — экологиялық жағдайды жақсартуға және келер ұрпақ үшін жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға жасалған маңызды қадам», – деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желілерде.

Shares