Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Заречный кентінде 8 мехбригада қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде

Заречный кентінде 8 мехбригада қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде

Тасқыннан зардап шеккен Заречный кенті біртіндеп түрленіп келеді. Мұнда қалпына келтіру жұмыстарымен М.Жұмабаев және Тимирязев аудандарынан келген механикалық бригадалар айналысуда, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Су тасқыны басылды, алайда үйлердің жертөлелерінде әлі де су бар. Оны М. Жұмабаев ауданынан келген бригада мамандары сорып алады.

“2 бригадада 15 адам жұмыс істейді. Бүгінгі таңда біз суды 4 үйден сорып алдық. Сондай-ақ, қоқысты шығарамыз”, – деді М.Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары Достан Тасмағанбетов.

Жалпы, Заречный кентінде 8 мехбригада жұмыс істеуде. Топан су әкелген қоқысты шығаруға Тимирязев ауданының мамандары да қосылды.

“6 мотопомпа, 2 ЗИЛ көлігі және 1 трактор жұмыс істеп жатыр. Біз 30 тоннадан астам қоқыс шығардық. Сонымен қатар, біз үйлерден су да сорып аламыз. Таңертеңнен 19.00-ге дейін жұмыс істейміз”, – деді Тимирязев ауданы әкімінің орынбасары Қанат Иманжанов.

Shares