Жол полициясының формасын заңсыз кигені үшін қала тұрғынына 20 000 теңгеге жуық айыппұл салынды
July 2, 2025 14:49

Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты полиция қызметкерінің арнайы формасын заңсыз кигені үшін азаматша Б.-ға қатысты әкімшілік іс қозғады, деп хабарлайды QZ News.
Сот отырысында анықталғандай, 2025 жылдың 20 маусымында қаладағы маршруттық автобустың бірінде азаматша Б. ұсталған. Оның үстінде «Жол патрульдік полициясы» деп жазылған ішкі істер органдарының арнайы белгісі бар жилет болған.
Сот істі қарап, азаматша Б.-ны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 675-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Оған 19 660 теңге көлемінде айыппұл салынып, арнайы формасы тәркіленді.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.
