Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Ғауез Нұрмұхамбетов базар ғимаратында бос тұрған қабатты тиімді пайдалануды тапсырды

Ғауез Нұрмұхамбетов базар ғимаратында бос тұрған қабатты тиімді пайдалануды тапсырды

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «Қызылжар Ақбастау» және «Алтын Арман» базарларында аудандардың қатысуымен өткен ауылшаруашылығы жәрмеңкесін аралады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Сондай-ақ, өңір басшысы «Солтүстік» ӘКК тұрақтандыру қорының сауда нүктелеріне де барды, онда әлеуметтік маңызы бар тауарлар сатылады. Қазір тұрақтандыру қорында ұн, макарон өнімдері, күріш, күнбағыс майы, қант және көкөніс бағасын ұстау үшін жеткілікті көлемде өнім бар.

«Қызылжар Ақбастау» базары орналасқан ғимаратқа қатысты да сауалдар бар. Қазір «Солтүстік» ӘКК ғимаратына тиесілі ғимараттың үшінші қабаты бос тұр. 2,6 мың шаршы метр бос аумақты тиімді пайдалану керек. «Солтүстік» ӘКК басшылығына осы мәселе бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырдым”, – деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желіде.

Shares