Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО прокуратурасында кадрлық ауыс-түйіс болды

СҚО прокуратурасында кадрлық ауыс-түйіс болды

Бас Прокурордың бұйрығымен Солтүстік Қазақстан облысының 5 ауданына жаңа прокурорлар тағайындалды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Талғат Төлегенов Ақжар ауданының прокуроры болып тағайындалды. Ол 2019 жылдың тамыз айынан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының прокуроры қызметін атқарды.

Талғат Садықов Есіл ауданының прокуроры болып тағайындалды. Ол 2019 жылдың шілде айынан бастап Шал ақын ауданының прокуроры қызметін атқарды. Ал соңғы аталған аудандағы прокуратураны енді

Нұржан Қожанов басқарады. Құқық қорғаушы 2019 жылдың мамыр айынан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы прокурорының орынбасары қызметін атқарған еді.

 Асылбек Төренов болса Жамбыл ауданының прокуроры болып тағайындалды. Шенді 2019 жылдың ақпан айынан бастап Ақжар ауданының прокуроры қызметін атқарды.

Ғани Жалби болса Мағжан Жұмабаев ауданының прокуроры болып тағайындалды. Ол 2021 жылғы мамырдан бастап Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру және қылмыстық қудалау басқармасының бастығы лауазымын атқарды.

Shares