Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-ның синоптиктері алдағы үш күнге көңіл көншітпейтін болжам жасады

СҚО-ның синоптиктері алдағы үш күнге көңіл көншітпейтін болжам жасады

Осы жеті күн ішінде Солтүстік Қазақстан облысында тұрақсыз ауа райы болады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Қазгидромет” РМК СҚО бойынша филиалы бүкіл өңір аумағында жұмыс аптасының соңына дейін жауын-шашын, боран, көктайғақ және қатты жел байқалатынын хабарлады.

“Солтүстік Қазақстан облысында дауылды ескерту 2024 жылғы 6 ақпандағы 21 сағаттан 9 ақпанда 21 сағатқа дейін жарияланады. 7 ақпан күні түстен кейін және 8-9 ақпан күндері өңірде жауын-шашын (негізінен қар), сондай-ақ боран, көктайғақ күтіледі. 7 ақпанда оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Ұйытқу 23-28 м/с дейін жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында көрсеткіш 30 м / с және одан да асуы мүмкін. Ал 8-9 ақпанда жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Ұйытқу 23-28 м/с болмақ. 8 ақпанда облыстың оңтүстігінде, батысында, 9 ақпанда облыстың оңтүстігінде, шығысында кейде жел жылдамдығы 30 м/с немесе одан да көп болуы мүмкін”, – делінген синоптиктердің хабарламасында.

Петропавлда 7 ақпан күні түстен кейін, 8-9 ақпан күндері жауын-шашын, қар, боран, көктайғақ күтіледі. 7 ақпанда оңтүстік-шығыстан 15-20 м / с жел соғады. Күндізгі ұйытқу – 23-28 м/с, ал 8-9 ақпан күндері оңтүстік, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. Ұйытқу – 23-28 м/с.

 

 

Shares