Жедел жәрдем қызметкерлері клиникалық өлім жағдайындағы адамды құтқарды
Фельдшерлер Вадим Добычин мен Данияр Калимов және жүргізуші Рустам Құдайбергеновтан құралған жедел жәрдем бригадасы шамамен 30 жастағы ер адамды өлімннен құтқарды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Құтқарушылар оны түнде өрттен алып шықты. Шақыру орнына жедел жәрдем көлігі 7 минутта жеткен, бұл сәтте зардап шегуші клиникалық өлім жағдайында болыпты.
“BLS және ACLS стандарттары бойынша реанимациялық іс-шаралар дереу басталды. Жүрек-өкпе реанимациясының алты циклінен соң 12 минуттан кейін жүрек қызметі қалпына келтірілді. Желдеткіш және дәрі-дәрмекпен қолдау көрсету жағдайында науқас көпсалалы қалалық аурухананың реанимация бөліміне жатқызылды. Бүгінгі таңда қызметкерлердің кәсібилігінің арқасында науқастың жағдайы тұрақты, бейінді бөлімшеге ауыстырылды. Айта кету керек, табысты деп атап өткен реанимация улы газбен немесе жану өнімдерімен улану жағдайында – үлкен мәселе. Бұл сәтте қан гемоглобині улы газбен қосылып, өзінің сапа деңгейін жоғалтады”, – деп хабарлады жедел медициналық көмек орталығы.