Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Мамлют ауданында көпбалалы аналарға мемлекеттік наградалар табыс етілді

Мамлют ауданында көпбалалы аналарға мемлекеттік наградалар табыс етілді

Аналар құрметке бөленді Мамлют мәдени орталығында 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Мереке басталар алдында фойеде саксофон ойнады, фотоаймақ пен фуршет үстелі ұйымдастырылды, қонақтарды “Чебурашка” қуыршағы қарсы алды. Іс-шараға қатысушыларды аудан әкімі Е. Ф. Степаненко құттықтап, көпбалалы аналарға: А. Н. Фоос “Алтын алқа”, И. А. Өсімбаева “Күміс алқа”  мемлекеттік наградаларын табыс етті.

Сондай-ақ облыс әкімінің Құрмет грамотасы 3 адамға табысталды. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқаны үшін аудан әкімінің Алғыс хатымен 10 адам марапатталды.

“Мемлекеттік қызмет, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы” ҚБ филиалының төрағасы да құттықтау сөз сөйлеп, еңбек ардагерлеріне алғыс хаттар табыс етті.

Мамлют аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі П. А. Климов пен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Шекара қызметі департаментінің “Қызылжар” шекара бөлімінің бастығы майор Б. С. Құрбанов әйелдерді мерекелерімен құттықтап, өз үлестерін қосқан әйелдерге бірқатар алғыс хаттар табыс етті.

“Орталықтандырылған кітапхана жүйесімен “Мамлют ауданының табысты әйелдері” атты кітап таныстырылды. Салтанатты бөлімнен кейін Мамлют мәдени орталығының, өнер мектебінің әртістерінің, қазақ мектеп-интернатының  және Х. Бектұрғанов атындағы бөбекжай-балабақша кешенінің  тәрбиеленушілерінің қатысуымен концерттік бағдарлама өтті”,- деп хабарлады аудандық әкімдік.

Концерттік бағдарламаны барлық қатысқан әйелдерге ән мен гүл сыйлаған мемлекеттік қызметшілер аяқтады.

Shares