Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » “Заң бойынша отырыс болмауы керек”: Басы дауға қалған Руслан Қабатаев пікір білдірді

“Заң бойынша отырыс болмауы керек”: Басы дауға қалған Руслан Қабатаев пікір білдірді

Астрахан ауылдық округінің әкімі Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынысымен келіспейді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, 6 наурыз күні Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Онда Руслан Қабатаев Аққайың ауданында саяжол аумағын дайындаған “Компания KZ01” ЖШС-на заңсыз артықшылық берді деген қорытындыға келді. Мәселе мынада. Астрахан ауылдық округінің әкімі орындалған жұмыстар актісіне қол қойған. Ал шын мәнінде жұмыс толығымен орындалмаған. Бұған пысқыра қараған әкім 1,3 млн теңге көлемінде ақша қаражатын аударған.

“Басқа ауылдық округтің әкімімен дәл осындай жағдай болды, сонда кеңес жұмыстан шығарудың орнына тәртіптік жаза қолданды. Маған қатаң жаза беріліп отыр. Біз алаң салу бойынша 2023 жылдың жазында шешім қабылдадық. Талқылау жергілікті қоғамдастықпен жүргізілді. Аудан әкімі маған ақша бермеді, бюджет қаражаты алынды, бұл – ауылдық округтің салық төлеушілерінің ақшасы”, – деп түсіндірді Руслан Қабатаев

Ауылдық округ әкімі бос жатқан аумақты дайындау үшін мердігер табу өте қиын болғанын да айтты.

“Мемлекеттік сатып алуларға бастапқыда 1,5 млн теңгеден астам қаражат бөлдік. Астанадан мердігер шықты, ол аумақты көргісі келді, бірақ елордалық компания СҚО-да  орналасқан Астраханкаға келу керектігін бірден түсінбеді. Ол жұмыс Астана маңындағы Астраханкада болады деп ойлаған. Мұны түсінген кезде компания сатып алудан бас тартты. Бұл мердігерлер сатып алудың құнын 1,3 миллионға дейін түсірді, бізде шамамен 150 мың теңге үнемдеу пайда болды, оны аудан өз қажеттілігіне алып кетті. Содан кейін мердігер Петропавлдан шықты, бірақ ол жұмыстың құнына күле қарады, оның пікірінше, баға тым төмендетілген. Алайда, мен оларды жұмысқа кірісуге көндірдім”, – деді Астрахан ауылдық округінің әкімі.

Мердігер жұмысқа кірісу үшін көктемді күтуді ұсынған. Астрахан ауылдық округінің әкімі жыл соңында бюджет қаражатын игеруге байланысты мерзімдерді кейінге қалдыруға болмайтынын түсіндіріпті.

“Аудан мен облыс бюджет қаражатын игеру мерзімін белгіледі, әйтпесе тағы өндіріп алу болар еді. Мен игермегенім үшін сөгіс те алуым мүмкін. Таяқтың екінші ұшын қарайық.Мұнда да сөгіс тұр. Себебі, ақша ауа-райының қолайсыз жағдайында игерілгелі тұр. Мен мердігерден сатып алған барлық материалын әкелуін сұрадым. Бәрін төлейтінімді түсіндірдім, мердігерден 31 желтоқсанға дейін бәрін орындайтыны туралы кепілдік хат сұрадым. Екі күн ішінде алаңның негізі жасалды. Біз жұмыстың орындалу мерзімінен бар-жоғы 15 күн кешігіп қалдық. Мен бұзушылыққа бардым,  дауласпаймын, бірақ жұмыстар аяқталды”, – деп түсіндірді Руслан Қабатаев.

Руслан Қабатаев алаңды 2024 жылдың жазына дейін абаттандыруды жоспарлапты. Астрахан ауылдық округінің әкімі оған қатысты тәртіптік іс талқыланатын Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтпейтініне сенімді болған.

“Мен Мемлекеттік қызмет агенттігіне тергеу сотына жүгінгенім туралы хабарлама жібердім. Заң бойынша Әдеп жөніндегі кеңес болмауы керек еді. Отырыс менсіз өтті, нәтижесінде Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері объективті түрде мәселені қараған жоқ. Мен осылай деп ойлаймын. Менің келмеуіме себеп – отырыс болмауы керек еді”, – деді ауылдық округ әкімі.

Астрахан ауылдық округі әкімінің міндетіне Руслан Қабатаев 2022 жылғы 3 наурызда кірісті. Қазір ол 40 жаста. Ақпараттық кеңістікте шенеунік танымал. Оны жұртшылық YouTube арнасында “Обожаю” жобасы шыққаннан кейін жақсы біледі. 2023 жылы Әдеп жөніндегі кеңес Руслан Қабатаевқа ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданды. Онда іс мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактісімен байланысты болды.

 

 

 

 

Shares