Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да кәсіпкер нан бағасын шамадан тыс асырғаны үшін жазаланды

СҚО-да кәсіпкер нан бағасын шамадан тыс асырғаны үшін жазаланды

Ас атасы арқылы қалтаны қалыңдатпақ болған! Облыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары – 1-сұрыпты бидай ұнынан жасалған нанды шамадан тыс бағада сату фактісі анықталды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, бұл жағдай Азық-түлік тауарларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі комиссияның отырысында және СҚО бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті ұсынған ақпарат негізінде талданған.

“”И.С. Дроздова” ЖК “ПХБК” ЖШС 1-сұрыпты бидай ұнынан пісірген “Қалалық” нанын сатып алып, сауда үстемесінің мөлшерін 43,6%-ға асырып, түпкілікті тұтынушыға өткізген, бұған жол берілмейді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 204-4-бабына сәйкес “И.С. Дроздова” ЖК ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды”,-делінген СҚО кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының хабарламасында.

Сонымен қатар, “И.С. Дроздова” ЖК қолданыстағы заңнамаға сәйкес 1-сұрыпты бидай ұнынан жасалған нанның бөлшек саудадағы бағасын төмендету ұсынылды. Жыл басынан бері делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі комиссия отырысында сауда үстемесінің белгіленген мөлшерінен асып кету фактілері бойынша 19 материал қаралыпты. 15 факті бойынша бизнес субъектілері әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Shares