Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов Аққайың ауданында ақсақалдармен кездесті

Аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов Аққайың ауданында ақсақалдармен кездесті

Ежелден Наурыз мейрамында адамдар ақсақалдарға сәлем беріп, батасын алған. “Қайырымдылық” атты мереке күні облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Аққайың ауданы, Смирноводағы қарияларға арналған орталыққа барып, аға буынмен кездесті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Қариялармен жылу жүздесу болды. Өңір басшысы оларды Наурыз мейрамымен құттықтап, игі тілектерін жолдады. Облыстың дамуына қосқан елеулі үлестері үшін алғысын да білдірді.

Мемлекет әрдайым аға буынға қамқорлық пен көмек көрсетіп келеді. Орталықта қарияларға бар жағдай жасалған. Олар уақыттарын босқа өткізбейді. Спортпен айналысып, концерттер ұйымдастырады. Сурет салып, түрлі бұйымдар жасайды. СҚО әкімі қариялар жасаған қолөнер көрмесін тамашалап, орталықтың жұмысымен танысты.

Shares