Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Ұлттық киім кигендер 22 наурыз күні қалаішілік автобустарда тегін қатынай алады

Ұлттық киім кигендер 22 наурыз күні қалаішілік автобустарда тегін қатынай алады

22 наурыз – Ұлыстың ұлы күнінде Петропавлдағы қоғамдық көліктерде тегін қатынауға болады. Алайда, ол үшін ұлттық киім кию керек, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Жергілікті билік 14 наурыз күні әлеуметтік желілер арқылы дәл осы қызықты акцияны жариялады. Бұл туралы “СҚО Автокөлік одағы” қауымдастығының төрағасы Галина Семенова сұхбат берді.

“Акция барлық бағытты қамтитын болады. 22 наурызда жолаушы тасымалдауға 150-ден астам көлік шығады. Ескеру қажет, жол жүру тек ұлттық жилет немесе камзолдағы жолаушылар үшін тегін болады. Мереке күні қала тұрғындары мен оларға қызмет көрсететін мамандар арасында түсініспеушіліктер болмауы үшін акцияның осы тұсына назар аударуды сұраймын”, – деп түсіндірді Галина Семенова.

 

Shares