Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Мамлют ауданында Көрісу күні аталып өтті

Мамлют ауданында Көрісу күні аталып өтті

Мамлют ауданында Көрісу күні – Амал мерекесі аталып өтті. Мамлют ауданының әкімі Елена Степаненко мерекедегі “дөңгелек үстелде” құрметті ақсақалдармен, ардагерлер кеңесінің мүшелерімен, әжелер, аналар және жастар кеңестерінің белсенді өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Іс-шараның мақсаты – жастар арасында ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды насихаттау, қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу және аға буынға құрмет көрсету. Елена Федоровна қатысушыларды мерекемен құттықтап, баршаға бейбітшілік пен амандық тіледі.

Қонақтарға “Шашу” және “Той бастар” салт-дәстүрлері көрсетіліп, Наурыз мейрамы логотипі бар кәдесыйлар, күнтізбелер мен құттықтау хаттары таратылды.

“Әртүрлі этностар мен діндердің өкілдері өскелең ұрпақты тәрбиелеу тәжірибесімен бөлісті және өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті, ән айтты, өлең оқыды, тіпті би биледі. Іс – шара аясында ақсақалдар кеңесінің төрағасы ұлын лайықты тәрбиелегені үшін  Рамазанова Бактина Байзенқызына медаль табыс етті. Бұл кісінің ұлы (Таулы Қарабақ) соғысына қатысқан”,- делінген әкімдік хабарламасында.

Іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

Shares