Петропавлда шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемесі бекітілді
8 шақырылымның 13-сессиясында қалалық мәслихат депутаттары Петропавлға келген шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемесі бойынша шешім қабылдады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Кездесуде атап өтілгендей, “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-10-тармағына,
“Шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 33110), Петропавл мәслихаты шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемесін: Петропавлда туристерді қабылдау орындарында болу құнынан 0 (нөл) % мөлшерінде бекітуді шешті.
Шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.