Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » “ҚАЖсервис” ЖШС облыстық филиалы тасқынға қарсы шараларды жүргізуде

“ҚАЖсервис” ЖШС облыстық филиалы тасқынға қарсы шараларды жүргізуде

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда. Ортақ іске “ҚАЖсервис” кәсіпорны облыстық филиалының қызметкерлері өз үлестерін қосуда, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Қазір біздің негізгі міндетімізге құбырларды тазарту кіреді. Біз 8:00-ден 17:30-ға дейін жұмыс істейміз, бірақ қазір күшейтілген режимде тер төгіп жатырмыз. Жұмысымыз кештеу бітеді”, – деді “ҚАЖсервис” ЖШС жол жұмысшысы Сергей Самбурский.

Біздің облыстағы “ҚАЖсервис” ЖШС ұзындығы 1970 км құрайтын республикалық және халықаралық жолдарға жауапты. Кәсіпорын 607 су өткізгіш құбырға қызмет көрсетеді.

“Бүгінгі таңда су өткізгіш құбырлар 100% тазартылды, арналар тазартылды, су тасқыны қаупі бар учаскелерге деп инертті материал дайындалды. Облыста су басуы мүмкін 122 учаске бар, барлық жерге тиісті материал мен қап жеткізілуде. Шал ақын, Ғ. Мүсірепов аудандарында,
Рузаевка ауылының маңында ауқымды жұмыс жүргізілуде”, – деді “ҚАЖсервис” ЖШС СҚОФ директорының орынбасары Нияз Садықов.

Кәсіпорын су тасқынына қарсы жұмыстарға 17 авариялық бригаданы жұмылдырыпты. Серіктестікте 160-тан астам арнайы техника бар.

Shares