Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Жұдырықша жұмылды: Қызылжар ауданының әкімі ауыл тұрғындарымен бірге тасқынға тосқауыл қойды

Жұдырықша жұмылды: Қызылжар ауданының әкімі ауыл тұрғындарымен бірге тасқынға тосқауыл қойды

100-ге жуық қызылжарлық тұрғын инертті материал салынған қаптар дайындады. Бұл туралы әлеуметтік желілерде Қызылжар ауданының әкімі Сақтаған Сәдуақасов жазды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Бір сағаттың ішінде жағдайға бей-жай қарамайтын тұрғындармен бірге 2300 қап дайындадық. Жұмыста бірлік пен ынтымақтастық рухы сезілді. “Үлкен судың” келуіне бізбен бірге дайындалып жатқан әрбір жанға алғыс айтамын”, – деп жазды аудан әкімі.

Айта кету керек, қазір ауданда су тасқынына қарсы күшейтілген жұмыстар жүргізілуде. Бригадалар қорғаныс үйінділерін тексереді және нығайтады, қар шығарылады, еріген су сорылады, бұрылады, су өткізу құбырлары тазартылады. Сонымен қатар, халық арасында белсенді түсіндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

 

Shares