СҚО әкімі хорватиялық инвесторларды «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағына шақырды
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Хорватияның Қазақстандағы елшісі Рефик Шабановичпен жүздесті. Кездесуде өзара тиімді ынтымақтастық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Жыл басында Қазақстан мен Хорватия арасындағы әріптестік дамудың жаңа деңгейіне шықты.
Биыл экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Хорватия үкіметаралық комиссиясының бірінші отырысы өтіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, көлік, ақпараттық технологиялар, туризм және денсаулық сақтау салаларында байланыс орнатылмақ.
“Хорватия мен біздің өңір арасындағы ынтымақтастық әлеуеті орасан зор және бұл бағыттар бойынша жұмыс істеуге дайын екенімізді білдірдім. Елші мырза да біздің елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастыққа мүдделі. Хорватиялық инвесторларды «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағында перспективалы жобаларды жүзеге асыруға шақырдым”, – деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.