Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Су тасқыны-2024: Мамлют ауданында 6 үйге су кіруі мүмкін

Су тасқыны-2024: Мамлют ауданында 6 үйге су кіруі мүмкін

Мамлют ауданында су басуы мүмкін жерлерді СҚО әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев тексерді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Тәуекел аймағында 13 адам тұратын 6 үй бар. ТЖ жою үшін 25 арнайы шарт жасалды.

Мамлют ауданының әкімі Елена Степаненконың әлеуметтік желілердегі жазбасына сүйенсек, 67 техника дайындалған. Үлкен сумен күресу үшін қаптар мен инертті материалдар әзірленуде, су сорылады.

“Қазіргі уақытта инертті материал салынған 1543 қап қоры құрылды. Халықтың қауіпсіздігі бірінші кезектегі басымдық болып табылатынын атап өткім келеді. Осыған байланысты Мамлютка, Чистое, Раздольное және Степное маңындағы егістік жерлерді қарайту жұмысы жүргізілді. Ұзындығы 30 км құрайды. Орта мектептер базасында 11 эвакуациялық пункт дайындалды”, – деп жазды Елена Степаненко әлеуметтік желілерде.

Shares