Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО прокурорлары бизнеске қатысты 29 салық тексерісін бұзды

СҚО прокурорлары бизнеске қатысты 29 салық тексерісін бұзды

Облыстық прокуратура талдау барысында Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің талаптарын салықтық тексерулерді заңсыз жүргізуде көрсетілген өрескел бұзушылықтар анықтады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Петропавл қаласының Мемлекеттік кірістер басқармасының лауазымды тұлғалары Кодекс талаптарын бұза отырып, кәсіпкерлерге қатысты белгіленген заңды негіздерсіз 9 салықтық тексеру жүргізген. Тексерулерді тағайындауға облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің негізсіз тапсырмасы себеп болды.

“Осындай заңсыз тексерулер Есіл, Қызылжар, М.Жұмабаев, Шал ақын және Мамлют аудандарының мемлекеттік кіріс органдарында да анықталды. Қадағалау органының актілері бойынша мемлекеттік кірістің аумақтық органдарының лауазымды адамдар заңда белгіленген жауапкершілікке тартылып, 29 салықтық тексеру заңсыз деп танылып, күші жойылды. Сонымен бірге, облыстық қадағалау органының шаралары бойынша тексеру жүргізу туралы заңсыз тапсырма бергені үшін департаменттің жауапты басшылары сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды”, – делінген облыстық прокуратура хабарламасында.

Нәтижесінде қабылданған қадағалау шаралары облыстағы 29 кәсіпкердің құқығын заңсыз салықтық тексерулерден қорғауға мүмкіндік берді.

Shares