«Қазгидромет» СҚОФ: СҚО өзендерінде су деңгейінің күрт көтерілуі байқалады
Ясновка ауылының гидрологиялық бекетінде Қамысақты өзені деңгейінің күрт көтерілуі байқалады. Өсім 2 сағат ішінде 76 см құрады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
“Су деңгейі 5 сәуір сағат 14:00-дегі жағдай бойынша 638 см (қауіпті деңгей-720 см) құрады. Айыртау және Есіл аудандарының егістіктерінен аққан судың есебінен су деңгейінің одан әрі артуы күтілуде”, – делінген “Қазгидромет” облыстық филиалының хабарламасында.
Сондай-ақ, Есіл өзенінің гидрологиялық бекетінде – Крещенка ауылында 4 сағат ішінде су деңгейі 400 см-ге көтерілгені атап өтілді.
“5 сәуір сағат 16:00-дегі жағдай бойынша су деңгейі 1389 см құрады. Қауіпті деңгей 1400 см болып табылады. Еріген қар суы жан-жақтан келіп жатыр. Осыған байланысты су деңгейі тағы көтеріледі”, – деп хабарлады синоптиктер.