Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да тұрақтандыру қорының өнімдері тасқын басқан ауылдарға жеткізілетін болады

СҚО-да тұрақтандыру қорының өнімдері тасқын басқан ауылдарға жеткізілетін болады

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі тұрақтандыру қорында болып, өнім қорымен танысты. Ғауез Нұрмұхамбетов су тасқыны кезеңінде азық-түлік қауіпсіздігі мәселесіне ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Қазір тұрақтандыру қорында 9 мың тонна әлеуметтік маңызы бар өнім бар. Көкөністер, жарма, макарон өнімдері, қант, тұз, тауық еті, жұмыртқа және күнбағыс майы. Бұл қор орта есеппен 5 айға жетеді.

«Мемлекет басшысының су тасқыны кезеңінде әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын өсірмеу, алыпсатарлыққа жол бермеу жөніндегі тапсырмасы бар. Сондықтан, тұрақтандыру қорының қорымен танысып жатырмын. Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының, Сауда басқармасының, аудан әкімдерінің міндеті – бағаның өсуіне жол бермеу», – деді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Ғауез Нұрмұхамбетов ауа райы жағдайын ескере отырып, облыста су тасқынының шарықтау шегі осы аптаның соңында күтілетінін атап өтті. Қажет болған жағдайда тұрақтандыру қорының өнімдері су басқан елді мекендерге көлікпен жеткізіледі.

Shares