Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Су тасқыны-2024: СҚО прокуратурасы жалған ақпаратты орналастырғаны, таратқаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы ескертеді

Су тасқыны-2024: СҚО прокуратурасы жалған ақпаратты орналастырғаны, таратқаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы ескертеді

Солтүстік Қазақстан облысында су деңгейінің жоғарылауына және қардың көп еруіне байланысты Петропавл қаласы мен Тайынша ауданында табиғи сипаттағы ТЖ режимі енгізілді. Осыған байланысты солтүстікқазақстандықтарға облыс прокурорының бірінші орынбасары Саттар Әбу-Әли жүгінді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

​“Су тасқыны кезеңінің басынан бері облыста барлығы 28 тұрғын үй су астында қалды, 70-тен астам адам эвакуацияланды, 226 бас мал айдалды, автожолдардың 5 учаскесі қирады. Алдын алу шаралары арқасында құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Бүгінгі таңда 7 тұрғын үй су астында қалды, қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.
​Жергілікті жерлердегі прокурорлар уәкілетті мемлекеттік органдардың заңдылық пен құқықтық тәртіп режимін қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіреді”, – деп жазылған СҚО прокуроры бірінші орынбасарының баяндамасында.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген арнайы ережелер қолданылады.

“Жергілікті атқарушы органдар қолданыстағы заңнамаға сәйкес көзделген өтемақы төлеу үшін зардап шеккендердің тізімін әзірленеді. Бұл мәселе облыс прокурорының ерекше бақылауында. Қадағалау органы әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде жалған ақпаратты орналастырғаны, таратқаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы ескертеді. Сондықтан азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз.
Құқықтық сипаттағы барлық мәселелерге қатысты Сіз тұрғылықты жері бойынша прокуратура органдарына жүгіне аласыз”, – деп хабарлады Саттар Әбу-Әли.

Shares