Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Су тасқыны-2024: СҚО-да ауыл тұрғындарын су басқан үйлерден эвакуациялау жұмысы жалғасуда

Су тасқыны-2024: СҚО-да ауыл тұрғындарын су басқан үйлерден эвакуациялау жұмысы жалғасуда

Өткен тәулік ішінде жақын маңда орналасқан елді мекендерді су басуға жол бермеу мақсатында еріген суды өткізу үшін өңірдің автожолдарында жол төсемін 7 рет ашу жұмысы жүргізілді, деп хабарлайды СҚО ТЖ Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап QZ Media тілшісі.

Оның ішінде республикалық маңызы бар жолдарда – 4, облыстық – 1, аудандық – 2. Баламалы жол бар, белгілер қойылып, кезекшілік ұйымдастырылды. Көлік қатынасынсыз қалған бір елді мекен – Уәлиханов ауданындағы Қаратал ауылы. Аталған елді мекеннің қалыпты тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды, құтқарушылардың кезекшілігі қамтамасыз етілді.

“Есіл өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Новоишимское және Дружба ауылдарында 2 үйде тұратын 3 адамды алдын ала эвакуациялау жүргізілді. Олар туыстарына орналастырылған. СҚО Тайынша ауданы Алабота ауылына еріген қар суының кіруі нәтижесінде Озерная көшесінде орналасқан 2 үй су астында қалды. Сондай – ақ, еріген судың көтерілу нәтижесінде 12 аула аумағы су астында қалды”, – делінген бейінді ведомствоның баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жергілікті атқарушы органдардың күшімен және арнайы техниканың көмегімен судың кедергісіз өтуі үшін ауыл көшелерінде су бұру арналары қазылып, су сору жұмыстары жүргізілуде. Елді мекенде азық-түлік және дәрі-дәрмек бар. 39 бас а/ш малын эвакуациялау жұмысы жүргізілді.

“Тайынша ауданының Рощинск ауылдық округінде орналасқан Макашевка ауылында қардың күрт еруіне және еріген судың келуіне байланысты Оңтүстік және Орталық көшелеріндегі 5 тұрғын үйге су кірген. Жергілікті атқарушы органдар туыстары бойынша 16 адамды, сондай-ақ 151 бас үй жануарын жедел эвакуациялады. Жергілікті атқарушы органдар инженерлік жұмыстар жүргізді, бұрма арна салынды”, – делінген СҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

5 сәуір күні кешке Краматоровка ауылында еріген судың келуі қаупіне байланысты құтқарушылар шеткі үйлерден 5 адамды эвакуациялады. Олар – 3 бала, 2 ересек адам. Жаңасу ауылында су 5 үйге кірді. 13 адам эвакуацияланды, оның ішінде 9 бала бар. Олар Жаңасу орта мектебіне орналастырылған.

Shares