6 сәуір сағат 12:00 Сергеев су қоймасындағы жағдай – 235 см
Сағат 12:00-де Сергеев су қоймасының ернеуінен асқан судың деңгейі 235 см-ге дейін көтерілді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Сергеев су қоймасындағы судың деңгейі 1035 см, ал судың көлемі 998 млн м3 (сыйымдылық көлемі 693 млн м3), – деп хабарлайды “Қазгидромет” РМК өңірлік филиалы. Сағат 8:00-ден бастап су торабындағы су деңгейі 25 см-ге көтерілді.
Солтүстік Қазақстан облысының су айдындарында су мұздың үстінен ағып, мұз көтеріледі.