Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » 7 сәуір, 8:00: Сергеев қоймасынан төгілген судың биіктігі 335 см-ге жетті

7 сәуір, 8:00: Сергеев қоймасынан төгілген судың биіктігі 335 см-ге жетті

“Қазгидромет” РМК ақпаратына сүйенсек, 2024 жылғы 7 сәуір таңғы сағат 8-дегі жағдай бойынша Сергеев қоймасынан төгілген судың биіктігі 335 см-ге жетті, деп хабарлайды QZ Media.

Мұз әлі су объектісінде сақталып тұр. Су қоймасының көлемі 1136 млн текше метрді құрайды. Бір күнде Сергеев торабындағы су деңгейі 125 см-ге өсті, қазір көрсетіш – 1135 см.

Мына нүктелерде су деңгейі қауіпті белгіге жақындап келеді: Аққанбұрлық өзені – Возвышенка ауылы – 904 см (қауіпті деңгей – 1000), Иманбұрлық өзені – Соколовка ауылы – 542 см (қауіпті деңгей – 560 см), Есіл өзені – Тоқсан Би ауылы – 1494 см (қауіпті деңгей – 1800 см), Есіл өзені – Сергеевка қаласы – 1230 см (қауіпті деңгей – 1500 см).

Shares