Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » 8 сәуірдің таңында Сергеев қоймасынан төгілген судың биіктігі 4 метрден асты

8 сәуірдің таңында Сергеев қоймасынан төгілген судың биіктігі 4 метрден асты

2024 жыл, 8 сәуір таңғы сағат 8-дегі жағдай бойынша Сергеев қоймасынан төгілген судың биіктігі 415 см құрады, деп хабарлайды QZ Media.

Су қоймасының көлемі 1248 млн текше метрге жетті. Бір тәулік ішінде Сергеев су торабындағы су деңгейі 80 см-ге көтерілді. Қазір жалпы су деңгейі – 1215 см. “Қазгидромет” СҚОФ атап өткендей, бүгін-ертең көрсеткіш ең жоғары деңгейге жетеді.

“Токсан биде су деңгейінің төмендеуі басталды. Судың шарықтау шегі кеше 1528 см деңгейінде болды, бүгін біз Есіл ауданының Покровка ауылында деңгей қауіпті белгіден асып кетедегі деген ойдамыз. Қазіргі уақытта белгі – 930 см, ал қауіпті белгі 950 см болып саналады”, – деді “Қазгидромет” СҚОФ.

Shares