4 сағат ішінде Петропавлда су деңгейі 35 см-ге көтерілді
“Қазгидромет” СҚОФ хабарлағандай, сәуірдің 10 күні сағат 12:00-де Сергеев қоймасының ернеуінен асқан судың биіктігі 412 см құрады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Синоптиктер жақын орналасқан кейбір ауылдардың маңында су деңгейі көтеріле беретінін мәлімдеді.
“Тасқын сулардың негізгі бөлігі саяжайлар, Заречный учаскесінің жанынан, бөгеттің сол жағы арқылы өтеді. Покровкада әлі де ұлғаю байқалады. 4 сағат ішінде, 8:00-ден 12:00-ге дейін су деңгейі 4 см-ге өсті. Сергеевка көпіріне апарар республикалық жол жабылады, өйткені бұл жолды шаю басталды, бұзылу жүріп жатыр. Новоникольское ауылы маңында да көтерілу бар, ұлғаю жалғасады. 4 сағат ішінде ондағы су деңгейі 84 см-ге өсті. Әдетте үш күн бойы судың күрт өсуі байқалады, содан кейін өсу сәл саябырсиды”, – деді “Қазгидромет” РМК СҚО бойынша филиалы директорының орынбасары Наталья Левина.
Үлкен су Петропавлға келеді, алды жетіп те үлгерді деді Қазгидромет филиалы өкілі.
“Бүгіннен бастап Петропавл қаласына Сергеев су қоймасынан су келе бастайды. 4 сағат ішінде, 8:00-ден 12:00-ге дейін су деңгейінің көтерілуі 35 см болды. Су деңгейі – 705 см. 960 см деңгейінде су жайылмаға шығады. Бұл Борки ауданында басталады. Үлкен көлемдегі судың өтуі 17-18 сәуірде болады деп күтілуде”, – деді “Қазгидромет” РМК СҚО бойынша филиалы директорының орынбасары Наталья Левина.