Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Мәжіліс депутаттары Новоникольское ауылында болды

Мәжіліс депутаттары Новоникольское ауылында болды

Новоникольское ауылында су деңгейі 1,5 метрге дейін көтерілді. Ерке Есіл арнасынан асып, жан-жаққа жайылды. Ауыл маңында апаттың алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Мәжіліс депутаттары Еркебұлан Мамбетов, Дмитрий Колода және Бақытжан Базарбекке айтылғандай, ауылдың барлық тұрғыны қауіп пен ықтимал эвакуация туралы ескертілді.



Новоникольское ауылында 2019 жылы “Зенченко и К” КС күшімен салынған жаңа көпір жұмыс істейді. Ескі көпір өте төмен орналасқан. Оны жыл сайын су басты. Тиісінше, бірнеше ауыл халқы қатынассыз қалды. Сондықтан, жаңа құрылымның құрылысы басталды.



Бұған дейін биылғы су тасқыны кезіндегі Новоникольское ауылы жайлы сөз қозғалды. Тілдесу барысында Вице-Премьер Роман Скляр іс насырға шапса, ауыл маңындағы жол төсемін бұзуға рұқсат берді.

Shares