Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Шығыс Қазақстан облысынан Петропавлға 20 тоннаға жуық гуманитарлық жүк жеткізілді

Шығыс Қазақстан облысынан Петропавлға 20 тоннаға жуық гуманитарлық жүк жеткізілді

12 сәуір күні СҚО-ға “Жүректен Жүрекке” жобасы аясында ҚХА-дан және Шығыс Қазақстан облысы бойынша “Зекет” қайырымдылық қорынан гуманитарлық жүк тиелген көлік келді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Өңірге 20 тоннаға жуық жүк жеткізілді: азық-түлік, қажетті заттар мен жеке гигиена құралдары.

“Бүгін Оңтүстік Қазақстанда да жүк жиналып жатыр, ол да осында жөнелтіледі. Орталық Қазақстанда Қарағанды да гуманитарлық жүк жинамақ”, – деді ҚХА су тасқынына қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық штабтың өкілі Александр Урмашов.

Петропавлға гуманитарлық көмекпен тағы 8 автомобиль келеді. Ресми түрде “Жүректен Жүрекке” республикалық акциясы 4 сәуірде басталды. Нәтижесінде Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккен адамдарға 600 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жиналды.

Shares