ТАСҚЫН-2024: Солтүстік Қазақстан облысындағы жағдай
СҚО ТЖД өкілдері 14 сәуір сағат 08.00-дегі жағдай бойынша Солтүстік Қазақстан облысындағы ахуалды баяндады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Облыста 29.03 мен 14.04 аралығында 1685 (+1068) үйді су басқан. 1648 үй әлі де су астында қалып отыр. Ең көбі Петропавлда – 1010, Қызылжар ауданында – 513.
Барлығы 7398 (+3684) адам эвакуацияланды, оның 1840 – (+709) бала, 57 -(+29) мүгедек адам, 1 – жүкті әйел. Үйлеріне 44 адам оралды, оның 8-і – бала.
7354 (+3684) адам эвакуацияланғандар тізімінде қалып отыр, оның 1832 -(+709) бала. Оның ішінде Петропавл қаласында – 4552/957 (+3320/+610), Қызылжар ауданында – 2203/707. Эвакуациялық пункттерде 1308 (+781) адам болса, оның 237 – (+134) балалар.
3529 (+794) ауыл шаруашылығы жануары көшірілді: ірі қара – 650 (+140), ұсақ мал – 2053 (+506), шошқа – 388 (+27), жылқы – 438 (+104). Су басқан аула аумақтары – 1115 (+330).
2024 жылғы 14 сәуір сағат 08.00-дегі жағдай бойынша облыстың автомобиль жолдарында 67 су шаю жайты тіркелді, оның 18 әлі су астында қалып отыр: Республикалық маңызы бар жолдарда 4 жағдай:
- республикалық маңызы бар М-51 а/ж, 528 және 529 км, Петропавл қаласындағы «Челябі-Новосібір» айналма жолы (ұзындығы 12 метр, тереңдігі – 25-30 см);
- республикалық маңызы бар Р-60 а/ж, 79-80 км, «Волошинка-Сергеевка-Тимирязево» (ұзындығы 70 метр, тереңдігі – 5-8 см);
- республикалық маңызы бар А-16 а/ж, 954 км, «Жезқазған-Петропавл» (ұзындығы 400 метр, тереңдігі – 35-40 см);
- республикалық маңызы бар Р-49 а/ж, 3-8 км, «Петропавл айналма жолы» (ұзындығы 12 метр, тереңдігі – 25-30 см).
Облыстық маңызы бар жолдарда – 5, аудандық маңызы бар жолдарда – 9. Жол жабынының бұзылуы – 8 жайт (2 – облыстық, 6 – аудандық маңызы бар). 2024 жылғы 14 сәуір сағат 08.00-дегі жағдай бойынша облыстың автомобиль жолдарында арнайы түрде 10 жол жамылғысының бұзылуы орын алды, оның ішінде 9 жол жабыны әлі ашық күйде қалып отыр (2 – республикалық, 2 – облыстық, 5 – аудандық).
2024 жылғы 14 сәуір сағат 08:00-дегі жағдай бойынша Сергеев су қоймасының толымдылық көрсеткіші 158,85% құрайды (көлемі 1100,80 млн текше метр). Тәуліктік өзгеріс (-40 см). (Бөгеттен асу – 3 м 10 см). Су қоймасының жағдайы – қалыпты.
2024 жылғы 14 сәуір сағат 08:00-дегі жағдай бойынша Петропавл су қоймасының толымдылық көрсеткіші 114,78% құрайды (көлемі 28,12 млн текше метр). Тәуліктік өзгеріс (+99 см). Су айдынының жағдайы келсек, мұз жамылғысы байқалады.
2024 жылғы 14 сәуір сағат 08:00-дегі жағдай бойынша Сілеті су қоймасының толымдылық көрсеткіші 99,65% құрайды (көлемі 229,20 млн текше метр). Келіп түскен су – 0,758 млн текше метр, төгілген су – 0,360 млн текше метр.
2024 жылғы 14 сәуір сағат 08:00-дегі жағдай бойынша Шағалалы су қоймасының толымдылық көрсеткіші 83,21% құрайды (көлемі 22,00 млн текше метр) құрайды. Келіп түскен су – 0,200 млн текше метр, төгілген су – 0,000 млн текше метр.