Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Әскери авиация күштері арқылы Петропавлға гуманитарлық көмек жетті

Әскери авиация күштері арқылы Петропавлға гуманитарлық көмек жетті

April 16, 2024 18:19

Кезекті жәрдем! Облыс орталығына Астанадан Қорғаныс министрлігінің екі әскери ұшағымен гуманитарлық көмек жеткізілді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Азық-түлік, соның ішінде ұзақ уақыт сақталатын өнімдер, сондай-ақ ұн, қант, макарон, күріш, өсімдік майы берілді. Сонымен қатар, бөгеттер салу мен нығайту бойынша жұмыс істейтіндерге арналған құтқару құралдары бар”, – деді “Respublica” партиясының мүшесі Арман Белялов.

15 тонна азық-түлік Чкалов, 48 мекен-жайы бойынша орналасқан эвакопунктке жеткізілді. Белсенділер, мерзімді сарбаздар зардап шеккендерге арналған көмекті түсіруге көмектесті.

Shares