Петропавлда саяжайларда тұрған 75 отбасыға демеушілер қаржылай көмек көрсетеді
Ринат Елжасовтың айтуынша, өңірде әлеуметтік көмек алу үшін 2 мыңнан астам отбасы жүгінген. Мұндай деректі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы брифингте айтты, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
“Бұл – ТЖ режимі жарияланған аудандар мен Петропавл тұрғындары. Бүгінгі таңда әлеуметтік көмек 400 млн теңгеден астам сомаға 1000-нан астам азаматқа тағайындалды. Қосымша қаражат бағытталады. Құжаттарды қабылдау пункттерінде қызметкерлердің саны артты. Петропавлда олардың саны 33-ке дейін өсті. Сонымен қатар, мобильді топтар құрылды, олар эвакопункттерде жұмыс істейді, азаматтарға құжаттарға қатысты мәселелер бойынша кеңес береді, оларды қабылдайды және жұмыспен қамту бөліміне жолдайды”, – деді СҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ринат Елжасов.
СҚО-да біржолғы әлеуметтік көмектің болжамды сомасы 1 млрд 316 млн теңгені құрайды, деп хабарлады қаржы басқармасының басшысы.
“Бүгін Тайынша ауданында үйлердің шығынын бағалау басталды. Петропавл қаласы бойынша 75 отбасы арнайы тізімге алынды, олар саяжайларда тұрақты түрде тұрады. Олар үшін болжамды төлем 27 млн 690 мың теңге болады. Бұл мәселеде демеушілердің көмегін пайдаланбақпыз”, – деді СҚО қаржы басқармасының басшысы Наталья Дышкант.