Петропавлда тасқыннан зардап шеккен жандар су жаңа жатақханаға көшірілді
Қаланың су басқан аудандарынан эвакуацияланған 195 тұрғын мектептерден қызмет көрсету колледжінің жаңа жатақханасына көшірілді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
“Қала тұрғындары үшін барлық жағдай жасалған – жаңа жөндеу, жаңа жуынатын бөлме, шағын ас үй, гуманитарлық көмек. Бұл жатақхана 244 орынға есептелген. Жалдамалы пәтерлерде, достары мен жақындарында тұратын эвакуацияланған қала тұрғындары да жайлы жатақханаға қоныс аудара алады. Мұнда тұрғындар тұрғын үй мәселелерін шешкенге дейін қала алады”, – деді Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Қалия Түренова.
Сондай-ақ, резервте 244 орындық тағы бір жатақхана бар.
“Өте әдемі жатақхана, бәрі жаңа. Бөлмелерде барлық жағдай жасалған, душ бар, дәретхана, тамақ дайындауға арналған орын қарастырылған. Өкінішке қарай, біздің үй толығымен суға кетті. Су қашан кететіндігі жайлы ақпарат жоқ”, – деді Ойқала шағын ауданының тұрғыны Галина Соловьева.