Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » 22 сәуірден Петропавлда жылу беру тоқтатыла бастайды

22 сәуірден Петропавлда жылу беру тоқтатыла бастайды

Жылыту маусымының аяқталуы туралы қаулыға қала әкімі Серік Мұхамедиев қол қойды. Үйлер мен әлеуметтік нысандардағы жылуды өшіру 22 сәуірден басталады. Жылу беру 100% 10 күннен кейін тоқтайды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Бірінші кезекте орталықтандырылған жылыту көппәтерлі үйлерде өшіріледі. Содан кейін кезек балабақшаларға, білім беру ұйымдары мен медициналық мекемелерге келеді”, – делінген қала әкімдігінің хабарламасында.

Жылыту маусымы қаладағы қолайлы ауа-райына байланысты аяқталады. Әдетте мұндай шешім үш күн бойы орташа ауа температурасы +10 °С-тан төмен болмаған жағдайда қабылданады.

Shares