Пестрое көліне қалқымалы сорғы станциясы қойылады
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр және СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Пестрое көліндегі понтонға қойылатын қалқымалы сорғы станциясын орнату барысын тексерді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Бұл көлдегі су деңгейі төмендеген жағдайда облыс орталығына үздіксіз су беруді қамтамасыз етпек.
Бұдан соң Роман Скляр мен Ғауез Нұрмұхамбетов Тепличное ауылы мен Заречное кентіне қайықпен барып, Петропавл су торабында да болды. Жалпы Петропавлдағы Есіл өзенінде су деңгейінің біртіндеп төмендеуі байқалады. Жағдай бақылауда.