Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда гуманитарлық көмекті сұрыптаудың тағы бір орталығы құрылды

Петропавлда гуманитарлық көмекті сұрыптаудың тағы бір орталығы құрылды

18 сәуірден бастап Петропавлда гуманитарлық көмекті сұрыптаудың тағы бір орталығы ашылды. Ол Қазбек Байболов атындағы мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің базасында құрылған, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Осы жерден арнайы комиссия есептегеннен және сұрыптағаннан кейін гуманитарлық көмек мұқтаждарға жіберілетін болады. Айта кетейік, келіп түскен көмекті бөлу процесін «Ойқала» шағын ауданының тұрғыны Наталья Хан бақылайтын болады. Өкінішке қарай, оның да үйі су астында қалған.

Осы күнге дейін облыс орталығында осыған ұқсас орталық тек “Радуга” ЖШС аумағында жұмыс істеген болатын. Сонымен қатар облыс аудандары мен орталықтарында да қосымша сұрыптау орындары ашылып жатыр. Бүгінгі таңда аймаққа еліміздің әр өңірінен 400 тоннаға жуық гуманитарлық келіп түсті.

Shares