“Севказэнергосбыт” ЖШС су тасқынынан зардап шеккен тұлғалардан төлем талап етпейді
“Севказэнергосбыт” ЖШС Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқынының салдарынан болған ауыр жағдайды назарға алып, барлық зардап шеккендерге көңіл білдіреді және үйлері судың астында қалған тұтынушыларға, көшірудің ресми кезінен бастап электр және жылу энергиясы үшін есептеу жасалмайтыны туралы хабардар етеді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Сонымен қатар, тұрғын үй мәселесі шешілгенше дейін бұл тұтынушыларға қатысты айыппұл санкциялары қолданылмайды және төлемақы өсімі есептелмейді.
“Қажеттілік болса, тұтынушыларға өтіп кеткен кезеңі үшін төлем қарызын бөліп төлеу мүмкіндігі беріледі. Бөліп төлем жасауға келісімді рәсімдеу үшін тұтынушы жеке куәлігімен Петропавл қ., М.Жұмабаев к., 66 үй мекенжайындағы «Севказэнергосбыт» ЖШС-нің тұтынушыларға кеңес беру және мәселелерді жеке шешу үшін арнайы бөлінген жұмыс орнына келу керек”, – делінген “Севказэнергосбыт” ЖШС хабарламасында.
Тұтынушы су астында қалған облыс аудандарында тұрып жатса, ол энергияны өткізу бойынша аудандық учаскелерге бара алады, ол жерде тұтынушыларға толық көлемінде ақпарат беріледі.
“Есептеулер автоматты түрде жасалатынына назар аударыңыз және кейбір есепке алу аспаптары бойынша көрсеткіштерді тіркеу мүмкіндігі болған жоқ, сондықтан кейбір есептеулерде қателер болуы мүмкін. Бұл жағдайға түсінікпен қарауды өтінеміз. Тұлға тұтынушы компанияның сервис орталығы, телефоны немесе «Жеке кабинет» сервисі арқылы жүгінген жағдайда есептеулер тексеріледі және қателер анықталса, олар жойылады, қайта есептеу жасалғаны туралы ақпарат кейінгі кезеңінің төлем жасау құжатында көрсетіледі”, – делінген компанияның хабарламасында.
“Севказэнергосбыт” ЖШС бірыңғай төлем жасау құжатында коммуналдық қызметтерді көрсететін басқа да ұйымдардың есептеулері көрсетілетініне назарыңызды аударамыз, бұл ұйымдардың есептеулері бойынша тұтынушы дәл сол ұйымдарға тікелей жүгінуі тиіс.