Облыстық қоғамдық штаб мүшелері гуманитарлық көмек беру пункттерінің жұмысын бақылайды
Солтүстік Қазақстан облыстық қоғамдық штабтың өкілдері 5,5 мың адамға кеңес бере алды. Күн сайын олар эвакуациялық пункттерде зардап шеккендермен кездеседі, оларға құжаттарды дұрыс рәсімдеуге көмектеседі, қажет болған жағдайда басқа да өзекті мәселелерді шешуге ат салысады. Облыстық қоғамдық штаб мүшелері гуманитарлық көмек беру пункттерінің жұмысын да бақылайды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
“Штаб қызметкерлері жергілікті жерлерде зардап шеккендердің барлығына өтемақы тағайындау үшін күн сайын құжаттар пакетін жинауға көмектеседі. Екінші деңгейдегі банктермен келісімге келдік. Өзара уағдаластық аясында адамдар әрмен қарай жұмыспен қамту орталығына ұсынылатын шоттарды банкке бармай-ақ ашады. Өтінімдерді, есептеуді, сұрыптауды қалыптастыру бойынша да жұмыс ұйымдастырылды. Барлық эвакуацияланғандардың орналасу орындарына көмек жеткізу жайы да пысықталды”, – деді СҚО бойынша қоғамдық штаб мүшесі Айгүл Мұратова.